Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің "Алтай қаласының балалар музыка мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 070800 Алтай қаласы, Астана көшесі, 84, анықтама телефоны : 8(72335) 6 – 26 -80; электрондық мекенжайы dmshz@mail.ru скрипка, фортепиано, вокал, теориялық пәндер және халық аспаптары сыныбы бойынша 1 және 1,5 ставкаға педагогтардың бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.
Лауазымдық міндеттері:
қосымша білім беру саласында білім алушылардың әртүрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады;
мектепте білім алушылардың құрамын жинақтайды, оларды оқу мерзімі ішінде сақтау жөніндегі шараларды қабылдайды;
қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, сабақ жоспарлары мен іс-шаралар бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
белгіленген құжаттаманы жүргізеді;
психофизиологиялық мақсатты ескере отырып, педагогикалық негізделген жұмыс формаларын, құралдары мен әдістерін таңдауды қамтамасыз етеді;
білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтайды, жеке тұлғаның дамуына және білім алушылардың білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді;
білім алушылардың дербес қызметін, оның ішінде зерттеу қызметін ұйымдастырады, білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізеді, оқытудың тәжірибемен байланысын жүзеге асырады;
білім алушылардың жетістіктерін қамтамасыз етеді және талдайды;
білім беру бағдарламасын игеру нәтижесін бағалайды;
дарынды және талантты білім алушыларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдайды;
әр түрлі деңгейдегі және бағыттағы іс-шараларға балалардың қатысуын ұйымдастырады;
білім алушылардың демалысын ұйымдастыруға қатысады;
сабақтарды өткізу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жауапты болады;
ата-аналарға және оларды алмастыратын адамдарға, сондай-ақ педагогтарға кеңестік көмек көрсетеді;
әдістемелік кеңестердің, бірлестіктердің қызметіне, педагогикалық шеберлікті арттыруға бағытталған іс-шараларға қатысады;
кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттырады.
Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру қызметін, Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың басым бағыттарын регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
Педагогика және психология негіздері, еңбек заңнамасын;
педагогикалық этика нормаларын;
тәрбие жұмысының әдістемесі, өнімді, сараланған, дамыта оқытудың заманауи педагогикалық технологияларын, құзыреттілік тәсілді іске асыруды;
білім алушылармен, әртүрлі жастағы тәрбиеленушілермен, олардың ата-аналарымен (оларды алмастыратын адамдармен), педагогтармен байланыс орнату, жанжал жағдайларының себептерін диагностикалау, олардың алдын алу және шешу әдістерін;
білім беру ұйымдарының ішкі еңбек тәртібінің қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық бейін бойынша немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
және (немесе) біліктіліктің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде: педагог-модератор үшін - кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі;
және (немесе) біліктіліктің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандық бойынша жұмыс өтілі-кемінде 5 жыл;
Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1)"педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
зерттеу, эксперименттік жұмыс дағдыларын пайдалану;
жаңа әдістемелерді сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізу;
өңірлік (қалалық) көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың жеңімпаз балалар ұжымдарына басшылық ету;
2) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін қолдану;
облыстық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың жеңімпаз балалар ұжымдарына басшылық ету;
педагогикалық басылымдарда әдістемелік басылымдардың болуы;
3)"педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
халықаралық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың жеңімпаз балалар ұжымдарына басшылық ету; авторлық әдістемелік әзірлемелерге ие болу;
4) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
халықаралық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың жеңімпаз балалар ұжымдарына басшылық ету;
авторлық әдістемелік әзірлемелерге ие болу;
облыстық оқу-әдістемелік кеңес пен РОӘК мақұлдаған әдістемелік материалдардың болуы.
Жалақы: еңбек өтіліне және бар санатына байланысты 150 000 - нан бастап.
Құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 23 тамыздан 2023 жылғы 29 тамызға дейін жүзеге асырылады.
Конкурска қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысуға өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат немесе электрондық құжаттар қызметінен электрондық құжат (идентификация үшін);
3) персоналды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
11) кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.